Облыс әкімі Асайын Байханов Лермонтов көшесінде жүріп жатқан ауқымды абаттандыру жұмысының барысымен танысты. Бұндағы қайта құру жобасы аясында тұрғындарға мейлінше жайлы орта құру көзделген. Сонымен қатар, облыс әкімі қала көшелеріндегі көлік жолдардың қалай жөнделіп жатқандығын да көрді.
Жол аясында Лермонтов көшесінің бойында он ойын алаңы, спорт алаңқайлары қарастырылған. Жаяу және велосиепедпен жүрушілерге де жайлы болмақ. Басты концепция- кедергісіз орта. Жол қозғалысы да оңтайланады. Яғни, көліктерге арналған оң жақ өткелдер жасалып, бағдаршам жүйесі қайта құрылады. Алматы қаласынан келген урбанистер бұл бұрын-соңды болмаған күрделі және ауқымды жұмыс екендігін жеткізді.
Ерлан Әукенов, Қазақстан урбанистер қауымдастығының төрағасы
Қалада алғаш рет қасбеттен қасбетке дейінгі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Бұнда тек қана асфальт жабындысы ауысып, тротуар төселіп жатқан жоқ. Архитектуралық келбет жаңарады. Ондаған әлеуметтік нүкте болады. Бұрын мұнда ешқашан болмаған спорттық және демалыс орындар пайдалануға беріледі. Алматы қаласы келесі жылдан бастап барлық қала көшелерінде қасбеттен қасбетке дейінгі жөндеу жұмыстарын бастамамақшы. Ал, Павлодарда биыл басталып кетті.
Көше жолдарындағы жөндеу жұмыстары шілде айының ортасында аяқталады
Бұдан соң облыс әкімі Асайын Байханов облыс орталығындағы 15 көшені асфальттау жайымен танысты. Шаһар басшысы алғаш рет жаңа технологияны сынақтан өткізіп жатқандығын айтты. Жаңа құрамды асфальт бұрын Астана, Алматы, Өскемен қалаларындағы көше жолдарына төселген.
Айта кетерлігі, барлық көше жолдарын жөндеу жұмыстарын күзге дейін созбай, шілде айынының ортасында аяқтау жоспарланып отыр.
Көлік жүргізушілерінен бөлек, жаяу жүргіншілерге де жайлылық биыл молынан жасалмақ. Облыс орталығында шамамен 100 шақымдық тротуар салу қажет. Биыл біршама көшелерде жасалады. Әсіресе Радиозавод, Молзавод, Ворушина сияқты көшелерде ешқашан тротуар болмаған. 1-қалалық аурухана аумағының тұрғындары да жаяу жүргіншілер жолының сапасыздығына жиі шағымданады. Осы көшелерді қосқанда мәселе биыл 70 процентке қысқармақ.
Мамандандырылған автодром құрылысы қарқынды
Сонымен қатар, облыс әкімі мамандандырылған автодромның күрделі жөндеден өту барысымен де танысты. Жоба аяқталысымен тұрғындар осы жерге келіп көлікті кәсіби тұрғыда жүргізіп үйренуге мүмкіндік алады.
Кәсіби оқу орындарынан білім алып, тәжірибесін шыңдау үшін арналған жерде жол жүру ережелерін нақты үйренуге болады. Қала әкімі Хасар Хабылбековтың сөзінше, автодром сенімгерлік басқаруға беріледі. Қала тұрғындары, өз қалауымен және қаражаты есебінен жаттыға алады.
Жанасыл Серікбол